Тегін бастау

LiveЭфир мен әлеуметтік желіде сататындарға арналған сауда платформасы

Эфирде сата беріңіз — шотты бот жібереді.

Сатып алушы WhatsApp-қа бронь нөмірін жазады. Бот соманы сұрап, оның Kaspi қосымшасына шот жібереді. Төлем түскенде бронь өзі «төленді» болып белгіленеді, ал сізге Telegram-ға хабар келеді.

Тегін тариф: айына 20 төлем, мерзімсіз. Kaspi Pay бизнес-аккаунты керек (ЖК не ЖШС).

Демо: сатып алушы WhatsApp-та «Бронь 5521» деп жазады. Бот: «Сәлеметсіз бе! Бронь №5521. Қанша сомаға шот жіберейін?» Сатып алушы: «7500». Бот: «7 500 ₸ шот Kaspi-ге жіберілді. Бронь №5521.» Төлем түскенде бот «✅ Төлем түсті, рақмет!» деп жазады. Сатушының кабинетінде бронь «төленді» болады, Telegram-ға хабар кетеді.

Нақты сандар

Бұл қазір жұмыс істеп тұр

  • 4 188төлем Qut Pay шоттары бойынша түсті, жалпы сомасы 18,3 млн ₸
  • 2 113шотты бот өзі жіберді, төленгені — 77 %
  • 1 937шот эфирдегі бронь бойынша жіберілді, төленгені — 77 %
  • 32 160жауапты бот 1 958 чатта берді

2026 жылғы 10 қыркүйектен бері · 2026-11-26 жағдайы бойынша

Таныс жағдай

Эфир қызған кезде бәрі шашылып кетеді

Жүздеген хабар қатар келеді

Біреу бронь жазады, біреу бағасын сұрайды, біреу жай «сәлем» дейді. Керек хабар тізімнің астында қалып қояды.

Бронь нөмірлері жоғалады

Дәптерге, скриншотқа, есте сақтап… Эфирден кейін кім не алғанын қайта іздеп отырасыз.

Шотты қолмен жазасыз

Әр сатып алушының нөмірі мен сомасын теріп, Kaspi-ден шот жібересіз. Бір сан қате кетсе — қайтадан.

Кім төлегені белгісіз

«Төледім» деген хабар, скриншот келеді. Соның бәрін тексеріп, белгілеп отыру — тағы бір жұмыс.

Қалай жұмыс істейді

Үш қадам. Эфирді тоқтатпайсыз.

  1. 01

    Сатып алушы бронь нөмірін жазады

    Эфирде тауарды броньдайды да, WhatsApp-ыңызға жазады: «Бронь 5521».

  2. 02

    Бот соманы сұрап, шот жібереді

    «Қанша сомаға шот жіберейін?» — «7500». Шот сатып алушының Kaspi қосымшасына кетеді. Чатқа ешқандай сілтеме жіберілмейді.

  3. 03

    Төлем өзі белгіленеді

    Сатып алушы төлесе, бронь «төленді» болады, чатқа «✅ Төлем түсті» деп жазылады, ал сізге Telegram-ға хабар келеді.

Эфирден кейін де дәл солай. Сатып алушы бронь нөмірін кейін жазса да, бот соманы сұрап, шотты жібереді.

Мүмкіндіктер

Броньнан жеткізуге дейін — бір кабинетте

Төлем — платформаның бір бөлігі ғана. Тауар, жеткізу, хабарлама, дүкен және сатып алушыға жауап — бәрі бір жерде.

Бронь бірден шотқа айналады

Сатып алушы бронь нөмірін жазады, бот соманы сұрап, Kaspi шотын жібереді. «5 мың», «3500 ден екі» деп жазса да түсінеді. Сол броньды қайта жазса, екінші шот ашпай, бұрынғысын еске салады.

Барлық тарифте

Кім төлегені бірден көрінеді

Әр бронь кабинетте күйімен тұрады: сома күтілуде, шот жіберілді, төленді. Скриншот тексермейсіз. Тізімді CSV етіп жүктейсіз.

Барлық тарифте

«Қойма»: тауар мен қалдық

Тауар, баға, қалдық және касса бір жерде. Kaspi прайс-листін файлмен жүктейсіз. Тегін тарифте — 100 тауарға дейін.

Барлық тарифте

ҚазПоштамен жөнелту

Трек нөмірі, жапсырма, 103 форма — кабинеттен. «Бизнес» тарифінен бастап автомат: төленген броньға бот мекенжай сұрайды, жеткізу ақысына шот жібереді, трек нөмірін сатып алушыға WhatsApp-та жазады.

«Бастау» тарифінен

Хабар Telegram-ға келеді

Төлем түсті, қайтарылды, бот сұрақты менеджерге берді — бәрі Telegram-ға келеді. Ботты жұмыс тобына қоссаңыз, бүкіл команда көреді. Шотты да сол жерден жібересіз: /invoice.

Барлық тарифте

Өз дүкеніңіз — onlinestore.kz сайтында

Тауар, фото, баға — кабинеттен. Сатып алушы себетке салып, Kaspi арқылы төлейді, тапсырыс өзі «төленді» болады. Тегін — 10 тауарға дейін.

Барлық тарифте

WhatsApp-та ЖИ-көмекші

Сатып алушының сұрағына — өлшемі, бағасы, жеткізу — сіздің білім базаңыз бен «Қойма» каталогы бойынша жауап береді. Сатып алушы сомаға келіссе, шотты да өзі жібереді. Білмейтінін ойдан шығармайды: чатты менеджерге береді.

Қосымша · айына 9 990 ₸-ден

Бағасы

Тегін бастайсыз. Сатылым өскенде ғана төлейсіз.

Qut Pay төлемнен пайыз алмайды — тек айлық тариф. Лимитке тек төленген төлемдер саналады.

Осыдан бастаңыз

Тегін

0 ₸ мерзімсіз

айына 20 төлем

  • Бірінші нақты шоттан 7 күн сынақ: күніне 50 шотқа дейін, эфир-сауда компьютерсіз де
  • Эфир-сауда — Chrome кеңейтімі арқылы
  • «Қойма»: 100 тауар · дүкен: 10 тауар
Тегін бастау

Бастау

4 990 ₸ /ай

айына 800 төлем

  • Эфир-сауда — Chrome кеңейтімі; «Шағын» чат-ботымен — компьютерсіз
  • ҚазПошта: трек, жапсырма, 103 форма
  • «Қойма»: 2 000 тауар, түгендеу, қарыз дәптері

Бизнес

14 900 ₸ /ай

айына 4 000 төлем

  • Эфир-сауда компьютерсіз: WhatsApp-ты QR арқылы қосасыз
  • ҚазПошта автоматы: мекенжай, жеткізу ақысы, трек сатып алушыға
  • «Қойма»: 20 000 тауар · Дүкен+, 2 дүкен

Желі

39 900 ₸ /ай

айына 15 000 төлем

  • «Бизнес» тарифіндегінің бәрі
  • «Қойма» мен дүкен саны шексіз
  • Дүкенге ЖИ-кеңесші кіреді

WhatsApp чат-бот — сатып алушыға жауап беретін ЖИ-көмекші

Тарифке қосымша. «Шағын» «Бастау» тарифімен қосылады, қалғандары — «Бизнес» тарифінен бастап.

WhatsApp чат-бот жоспарлары
ЖоспарАйынаЖауап
Шағын9 990 ₸айына 20 000
Негізгі22 491 ₸айына 50 000
Pro39 990 ₸айына 100 000
Корпорация59 990 ₸айына 150 000«Желі» тарифіне −30 %
Безлимит129 491 ₸айлық шек жоқ, күніне 12 000-ға дейін2 WhatsApp нөмірі · фото мен құжатты оқиды · «Желі» тарифіне −50 %

Қосымша пакет: +20 000 жауап — 7 990 ₸. Айлық жауап біткенде жаңа хабарлар менеджерге беріледі.

Kaspi өз комиссиясын өз шартымен бөлек ұстайды. Алдын ала төлесеңіз: 3 ай — +5 күн, 6 ай — +15 күн, жыл — 1 ай тегін. Сынақ бір ЖК-ге бір рет беріледі.

Барлық тарифтер →

Сұрақтар

Қосылмас бұрын сұрайтындар

Kaspi бизнес-аккаунты керек пе?

Иә, Kaspi Pay бизнес-аккаунты керек (ЖК не ЖШС): кабинетке Kaspi Pay кассирін қосасыз. Шот — кәдімгі Kaspi шоты: сатып алушы оны өз Kaspi қосымшасында төлейді, ақша сіздің Kaspi Pay-ге түседі. Qut Pay ақшаны ұстамайды.

Qut Pay — Kaspi-дің серіктесі ме?

Жоқ. Qut Pay — тәуелсіз сервис, Kaspi-дің серіктесі емес. Kaspi өз шартында Kaspi Pay-ге бөгде сервистің кіруін шектей алады. Қосылмас бұрын оқып шығыңыз: сенім орталығы.

WhatsApp нөмірімді бұғаттап тастамай ма?

Бот ешкімге бірінші жазбайды, хабар таратпайды — тек өзіне жазған сатып алушыға жауап береді. Шот сілтемемен емес, сатып алушының Kaspi қосымшасына барады. Бірақ WhatsApp-тың өз ережесі бар, сондықтан нөмір бұғатталмайды деп кепілдік бере алмаймыз.

Сатып алушы басқа нәрсе сұраса ше?

Оған менеджеріңіз жауап береді. Бронь боты тек бронь мен шотпен айналысады: сома орнына сұрақ келсе, бот үндемейді, ал чат кабинеттегі «Менеджер жауап берсін» тізіміне түседі. WhatsApp ЖИ-көмекшісін қоссаңыз, ол тек өзі білетінге жауап береді, білмесе чатты менеджерге береді.

Комиссия бар ма?

Kaspi өз комиссиясын өз шартымен ұстайды — Kaspi Pay-дегі кез келген төлемдегідей. Qut Pay төлемнен пайыз алмайды: тек тариф ақысын төлейсіз, тегін тарифте — 0 ₸.

Компьютер керек пе?

«Тегін» мен «Бастау» тарифінде эфир-сауда компьютердегі Chrome кеңейтімі мен ашық WhatsApp Web арқылы жұмыс істейді. «Бизнес» тарифінен бастап, 7 күндік сынақта, сондай-ақ «Бастау» тарифінде «Шағын» чат-боты қосулы болса — компьютерсіз: WhatsApp-ты кабинеттен QR арқылы қосасыз.

Нақты ақшасыз сынап көруге бола ма?

Иә, тест режимі бар: шоттар тест ретінде жасалады, ешкім ақша төлемейді. Досыңызға бронь нөмірін жаздырып, бәрін эфирге дейін тексеріңіз.

Келесі эфирге дайын болыңыз

Тіркеліңіз де, тест режимінде досыңызбен сынап көріңіз — ешкім ақша төлемейді. Нақты шот үшін Kaspi Pay кассиріңізді қосасыз.